Қазақстанда Boeing ұшақтарына қызмет көрсететін орталық ашылады

Шымкент Қазақстандағы Boeing ұшақтарына қызмет көрсететін алғашқы орталыққа айналады. Мұнда осы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетіп, жөндейтін орталық ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаев Boeing корпорациясының басшылығымен кездесті.
SCAT әуе компаниясы америкалық Boeing корпорациясымен ынтымақтастықты едәуір күшейтуді көздейді. Біріншіден, компания қосымша жолаушылар ұшақтарын сатып алмақ. Екіншіден, Шымкент әуежайы базасында Boeing ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алғашқы орталық ашу мүмкіндігін қарастыруда. Жоба Boeing компаниясының тікелей технологиялық қолдауымен жүзеге асырылады.
Кездесуде Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі де талқыланды. Бұл – қазақстандықтар үшін көптен күткен өзекті мәселе. Белгілі болғандай, Air Astana АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын жаңа Boeing 787 Dreamliner ұшақтары арқылы іске қосуды жоспарлап отыр.
-
Қазақстанның үстінен ұшып өткен құпия ұшақтың бортында кім болғаны белгілі болды
-
Әуежайда тіркеуден өтсе де ұшаққа отыра алмаған әйел әуе компаниясынан 500 мың теңге өндіріп алды
Boeing өкілі Джефф Шокки Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін жоғары бағалап, жүк әуе тасымалы саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті.
Ал Шымкентте ашылатын жаңа орталық жаңа жұмыс орындарын құрып, қаланың еліміздегі негізгі авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды