Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте аспанда екі ұшақ соқтығыса жаздады

Фото: freepik.com

Шымкентте шетелдік әуекомпанияларға тиесілі екі ұшақ бір-біріне қауіпті жақын қашықтықта ұшып өтіп, соқтығыса жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Екі әуе кемесі де Қазақстан аумағы арқылы транзитпен ұшқан. "Победа" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Внуково – Самарқан бағытымен ұшса, Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі Airbus A320 Термезден Мәскеуге бет алған.

Қауіпті сәтте ұшақтар Шымкент әуежайының әуе диспетчерлерінің жауапкершілік аймағында болған.



"Бұл оқиға Азаматтық авиация қағидаларына сәйкес уәкілетті орган тергеп-тексеруі тиіс ауыр авиациялық оқиға ретінде жіктеледі", – деп хабарлады авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу басқармасында.

Қазір Көлік министрлігінде осы ауыр авиациялық инцидентті тергеу үшін арнайы комиссия құрылып жатыр.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қаңтар, 2026 15:17