Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әскерге шақырылғандарды күштеп әкетіп, ұрып-соғады деген ақпарат тарады (видео)

Фото: Видеодан скрин

Желіде Шымкентте әскерге шақырылғандарды күштеп әкетіп, соққыға жыққаны түсірілген видео тарады. Аталған жағдайға Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған жағдай түсірілген видео Egov.press Telegram-арнасында жарияланды. Онда: “Шымкентте әскерге шақырылушыларды күштеп алып кетіп қана қоймай, соққыға жығып жатыр” деп жазылған.


"Ұлымды әскерге тірі жібердім, маған оны өлі күйінде қайтарды": Қазақстандық сарбаздың анасы әділдік талап етеді


"Ұлым қандай да бір істің куәгері": Қазақстандық жалғызбасты ана әскерге барған ұлын жындыханаға жатқызып тастағанын айтты


Бұл ақпаратқа Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. 

“2025 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қалалық жинақтау пунктінің аумағында жергілікті атқарушы органның инспекторлары арасында жанжал болды. Аталған тұлғалар қорғаныс істері жөніндегі департаментке уақытша іссапармен жіберілген және департаменттің штаттық қызметкерлері емес. Бұл жанжал Еңбекші және Қаратау аудандары бойынша әскерге шақыру бөлімінің басшысы тарапынан реттелді. Қазір аталған қызметкерлер арасындағы дау толықтай шешілді”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада сауда үйінен жігітті әскерге сүйреп әкеткені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 15:04