Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Шымкентте әскерге шақырылған сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Ерекше оқиға туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді. 

18 қаңтарда ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланына қарасты 6506 әскери бөлімінің 400-ге жуық жас сарбазы әскери ант қабылдады. 


Қазақстан тағы да Орталық Азиядағы ең мықты әскері бар ел деп танылды


Рәсімнен кейін көпшілік алдында Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Андреев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Салтанатты шараға жиналған мыңға жуық адам романтикалық оқиғаның куәсі болды.

Салтанатты шараға Русланның ата-анасы да келген, олар ұлдарының ниеті туралы алдын ала білгендерін және шешімін қолдайтындарын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысындағы әскери бөлімде жас сарбаз жүрегіне оқ тиіп, көз жұмғаны туралы жазған едік. 

Талқылау