Шымкентте асфальт опырылып, бірнеше көлік шұңқырға түсіп кетті (видео)
Фото: Видеодан скрин
Шымкенттің “Восток” шағын ауданында асфальт опырылып, төрт көлік шұңқырға түсіп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан бірнеше көліктің терең шұңқырға түсіп кеткенін байқауға болады.
“Бізде асфальт осылай салынады. Шұңқыр қазып, үстін жай топырақпен жаба салған. Соның салдарынан көлік шұңқырға кетті", – дейді видео авторы.
Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл учаскеде таяуда инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары жүргізілген.
Алматыда жауыннан кейін опырылып қалған жолды төсеген мердігер жауапкершілікке тартылды
Алматыда бір апта бұрын төселген асфальт опырылып, автобустар жүре алмай қалды (видео)
“Шамамен бір шақырымдық құбыр жүргізу жобасы аясында жұмыстар атқарылды. Тапсырыс беруші – “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС. Жер қазу жұмыстары аяқталған соң мердігер ұйым қайта көміп, жолды уақытша қалпына келтірген. Алайда топырақтың шөгуінен жол бөлігі опырылып, нәтижесінде көліктер шұңқырға түсіп кеткен”, – делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көлік иелеріне өтемақы төленеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жауын кезінде асфальт опырылып, ондаған көлікке зақым келгені туралы жазған едік.