Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Берденовке шабуыл жасаған Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

“Әйелін танымаймын”: Руслан Берденов өзіне қастандық жасаған күдіктінің сотта айтқан мәлімдемелеріне жауап бердіФото: Шымкент әкімдігі 

Сот әкім орынбасарына оқ атқан Ернар Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сонымен қатар сот Жиембайды жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (118 890 теңге) төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін Руслан Берденов бұл қаражатқа өзінің емделіп жатқан ауруханасына көлік алып бергісі келетінін айтқан еді.


"Мен де адам баласымын": Берденов ісі бойынша сотталушы сотта соңғы сөзін айтты


"Детектордан өтуге дайынмын": Руслан Берденов сотта Жиембайдың мәлімдемелерін жоққа шығарды (видео)


Еске салайық, 21 сәуір күні Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында оқ атылып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл іс бойынша айыпталушы қалалық құрылыс басқармасына қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай.

Жәбірленуші Руслан Берденов сот отырысына онлайн режимде қатысқан. 18 тамызда прокурор Ернар Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда айыпталушының қорғаушысы тағылған айыппен келіспей, оның әрекетін "кісі өлтіруге оқталу" емес, "қасақана ауыр зиян келтіру" деп бағалау керек екенін айтқан.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 12:10
Талқылау