Шымкентте 5-сынып оқушысы анасы түскі асқа берген ақшасын Түркия азаматтарына көмектесу үшін жұмсаған
Шымкентте Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге азаматтарға гуманитарлық көмек жинау жүріп жатыр. Мұнда 5-сынып оқушысы анасы түскі асқа деп берген ақшаға макарон сатып алып, оны Түркияға жіберуді сұраған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға туралы "Добряки Шымкента" клубы мәлімдеді. Жазба астында мұндай жағдайдың бірінші рет болғаны жазылған.
"Баланың есімі – Павел. Ол 5-сыныпта оқиды. Түскі ас ішудің орнына ол игі іс жасауға бел байлапты. Анасы түскі асқа берген ақшаға макарон сатып алып, еріктілерге дейін жаяу келген", – делінген жазбада.
Сонымен қатар видео авторы оқушының мұғалімі мен анасына үндеу жасады.
"Павелдің ата-анасы, мұны көріп отырсаңыздар, ұлдарыңызды мақтан тұта аласыздар. Мектепте бірінші сабағын өткізіп алыпты, мұғалімі ұрыспайды деп үміттенемін", – деп қосты автор.
Кейін видео астына Павелдің анасы да пікір қалдырды.
"Ұлым менің, алтыным, мақтанышым! Жылап жібердім", - деп жазды анасы.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан