Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте базар күзетшілері шабуыл жасаған үндістандық студент көз жасына ерік берді (видео)

Шымкентте үндістандық студентке бұзақылар шабуыл жасады (видео)Фото: Видеодан скрин

Шымкенттегі базарда 10 қаңтар күні үндістандық студент өзіне шабуыл жасағанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода шетелдік азамат өзіне шабуыл жасағанын айтып, көз жасына ерік берді. Ол жергілікті полициядан көмек сұрады. 

Оның айтуынша, шабуыл жасағандар ұялы телефонын тартып алмақ болып, қорлаған. Жігіт әлеуметтік желілерде блог жүргізіп, Шымкенттегі өмірі туралы баяндайды. Жарияланған жазба тез тарап, құқық қорғау органдарының назарын аударды.

“Оқиға 10 қаңтарда қаладағы базарда болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шетелдік азамат әлеуметтік желіге кейін жариялау үшін видео түсірген. Саудагерлер шуға шағымданып, түсірілімді тоқтатуды талап етіп, базардың күзет қызметіне жүгінген”, – деп мәлімдеді полиция.

Олардың арасында жанжал туындаған. Жанжалға қатысушылар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінще, аталған факті бойынша “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі.



Құқық қорғау органдары ұсталғандармен сөйлесіп, заң адамдардың рұқсатынсыз видеотүсірілім жасауға шектеу қойатынын түсіндірді. Содан кейін барлық жанжалға қатысушылар босатылды.

Шетелдіктің бейнежазбасын көрген қазақстандықтар өзге елдің азаматының алдында ұят болғанын жазды. Желі қолданушылары бұзақылардың жазалануын талап етті. 

“Осымен бізге турист келе ме, жабайы десек өзімізге тиеді”, “Өзімізге басқа елде біреу тиіссе жанымыз шығып, қорқамыз ғой”, “Ұятсыздар”, “Шетелдік азаматқа шабуыл жасаған топастар екі есе жазалануы керек”, “Ұят емеспа жігіттер, жалғыз балаға тиіскендерің дұрыс емес”, “Жабайылар”, “Бұзақылар жазалансын”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 10:05