Шымкентте 39 жастағы әйел салмағы 5 келіден асатын оныншы баласын дүниеге әкелді
Шымкентте 39 жастағы Гүлбану Пірімқұлова салмағы 5 келіден асатын оныншы баласын табиғи жолмен дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Otyrar” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлбану 6 қарашада Шымкент қаласының қалалық перзентханасына толғақпен келген.
Әйелге перзентхананың медицина қызметкерлері барлық қажет көмекті көрсетті. Босану табиғи жолмен сәтті өтті.
Көп балалы ана атанған Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шыққан. Отбасылық өмірінің 20 жылында ол 10 бала дүниеге әкелді. Күйеуі Болат 43 жаста.
Ерлі-зайыптылар: Жанель, Анель, Мэлс, Айсан, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере және Аяулым есімді он ұл-қызды тәрбиелеп отыр.
Үлкен балалары қазір студент.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"