Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 3 жасар баланың басынан қатерлі ісік табылған: Ата-анасы емге көмек сұрайды

Шымкентте 3 жастан асқан баладан қатерлі ісік табылып, ата-анасы шарасыз күйге түсті. Ералы Ханға екі ай толғанда анасы басын медициналық құралға түсіріп, суы бары анықталған екен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дәрігерлер баланың басындағы суға бола уайымға түсудің қажеті жоқ екенін айтқан. Тек жыл сайын су мөлшерін тексертіп тұруды ескертіп, емдік дәрілерді жазып берген. Ералының анасы ұсынылған дәрі-дәрімекті үзбей қабылдаса да, апта бұрын қатерлі ісіктің ауыр түрі табылды дейді.

 "Баламның басын жыл сайын медициналық аппаратқа түсіріп тұратынмын. Биыл қыркүйекте барғанымда, дәрігерлер бір шикілік барын айтты. Алдымен көз дәрігеріне, кейін УЗИ-ға жіберді. Олар баланың басында ісік бар деген күдік келтіріп, Алматыға баруымды ұсынды. Сөйтсем, бастағы ісік үлкейіп, сол көзіне өткен екен. Қатерлі ісіктің ең ауыр түрі екенін мәлімдеді" – деді науқас баланың анасы Айнұр Құрбан.

Содан бері жанталасқан жас отбасы ота жасату жолдарын да іздестіріп, отандық және шетелдік дәрігерлерді шарлағанын айтады. Жергілікті ақ халаттылар біршама химиядан соң ғана ісікті аламыз десе, түркиялық мамандар көпұзатпай бастағы жаман аурудан құтылу керек деген.

 "Түркияда ем қабылдау үшін 25 миллион теңге керек деді. Бұл соммаға екі химия мен ота жасалады. Сөйтіп, бастағы ісікті алып тастайды екен. Өкінішке қарай бізде мұндай қаржы жоқ. Жолдасым құрылыста қарапайым жұмысшы. Өзім екі баламен үйде отарған анамын. Басымыздағы пәтер де жалдамалы" – дейді жас ана.

Ота неғұрлық кешіктірілген сайын ауру да асқына береді. Осылай деген түркиялық дәрігерлер уақыт созса, аурудың сол көзден оң көзге өтіп, жанарсыз қалу қаупін айтыпты. Кейін үдеген ауру миға өтіп, баланың жағдайы тіпті мүшкіл күйге түсетінін жеткізген.

Шарасыз халдеміз деген жас отбасы емге қажет сомманың 3 миллион 20 мың теңгесін ғана жинап үлгерген. Науқас баланың әкесі құрылыста қарапайым жұмысшы болса, анасы үйде екі бала тәрбиелеп отыр.

Балаға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

KASPI номер: +77051743131 Айнұр Құрбан

KASPI 4400 4302 7983 5547
XALYK 4003 0351 0752 7280

Талқылау