Шымкентте 100 жастағы соғыстың соңғы ардагері көз жұмды

Шымкентте Екінші дүниежүзіліктің соғыстың соңғы ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы 100 жасында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ардагер Мұраталы Төлепбергенұлы Бресттен Германияға дейінгі жауынгерлік жолды өткерген, сондай-ақ Украина, Польша жерінде соғысқан.
Биыл мамырда ардагер қос мерейтойды өзінің 100 жылдығын және Жеңістің 80 жылдығын атап өтті. Ол 1943 жылы 18 жасында соғысқа аттанып, 339-қарсы танкілік артиллериялық бөлімде радист болып қызмет еткен. Жеңістен кейін тағы бес жыл әскер сапында қызметін жалғастырды.
Көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Отан соғысы орденінің II дәрежесімен, “Ерлігі үшін”, “Варшаваны азат еткені үшін” және “1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін” медальдарымен марапатталған.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте жеңісті жақындатқандарға кілт берілгені хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"