Шымкент мектептерінде 101 мыңнан аса бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтпен қамтылды
Шымкент қаласы әкімінің Қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ берілу басталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін тегін бір мезгіл ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай беріліп келген. Енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар.
Бүгінде қаладағы мемлекеттік білім беру ордасында 88 657, жекеменшік мектептерде 12 500 бастауыш сынып оқушысына тегін тамақ берілуде. Оған қосымша мемлекеттік білім ұяларындағы 28 367 жоғары сыныптың әлеуметтік жағдайы төмен отбасының мүшелері тегін тамақтануда.
Мектеп асханаларының ас мәзірі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі арқылы арнайы талаптар сақтала отырып, қалалық білім басқармасымен жасақталып ұсынылған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"