Шымкент қаласының әкімі әжелерге стретчинг және йогамен айналысуға кеңес берді (видео)
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланың тұрғын үйлерін газға қосу барысында әжелермен сөйлесіп, оларға буындары ауырмас үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір апта бұрын Ғабит Сыздықбеков қаланың бірнеше тұрғын үй алқабында газ қосылғанын мәлімдеді. Ол газ қосу барысында жергілікті тұрғындармен кездесіп, сөйлесті. Әкім әңгіме барысында оларға йога және стретчингпен айналысуға кеңес берді.
"Серуендеңіз, йогамен айналысыңыз. Буындарыңызды созыңыз, бұл стретчинг деп аталады. Бұл сіздің денсаулығыңызға пайдалы болады", – деді әкім.
Әжелер әкімнің кеңесіне күліп, өздеріне ойын алаңын жасап беруін өтінді.
Әкімнің бұл ұсынысы оларды онша қызықтырмаған сияқты.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу барысында полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тараған еді.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге бопсалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты