Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент балабақшаларының бүлдіршіндерді дұрыс тамақтандырмайтыны анықталды

Шымкент балабақшаларында түскі аста берілуі керек тағамдар қажетті мөлшерде ұсынылмаған. Сарапшылар балық, тауық, көкөністер сияқты өнімдердің балабақша мәзірінде тіпті жоқ екенін айтады және бұның бағаның қыматтауына да қатысты үнемдеудің салдарынан екенін жеткізді. Қалалық прокуратура қызметкерлері нормаға сай емес тамақтандыратын балабақшаларды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сарапшылар қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты мәзірдегі кей өнімдерді үнемделетінін мойындайды. Алайда тек өнім түрлерінен бөлек, түскі ас мөлшерін де үнемдеп аз беретіні белгілі болды. 

Шымкент полиция қызметкері баланың дамып, жетілуіне көмектесетін өнімдері жоқ 67 балабақшаны анықтаған.

“Кейбір балабақшаларда құс еті мен балық есепке алынбаған. Бір жерде балық пен тауық еті екі аптада бір рет беріледі. Ал оның негізгі нормасы аптасына бір рет берілуі керек болған. Кейбірінде тіпті сүзбе мен жұмыртқа болған жоқ. Ал кейбіреулерінде көкөніс салаттарын аптасына бір рет беру керек, ал олар екі аптада бір рет ұсынады”,- деді Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Нұркен Мұсаев.



Бірнеше жыл бұрын барлық мектепке дейінгі мекемелер жан басына шаққандағы қаржыландыруға ауыстырылды. Бұл ретте әрбір елді мекенде балалардың тамақтануына арналған баға әртүрлі болады. Қоғамдық белсенділер атап өткендей, кейбір кәсіпкерлерге азық-түліктің қымбаттауымен қаражат жетіспейді. Ал ешкім шығынға батқысы келмейді. Алайда балабақша басшысы бағаны көтерсе, сіз де талапты көтере аласыз.

“Балалардың 50%-ы семіздікпен ауырады. Себебі балабақшалардың көбінде дәмсіз әрі пайдасыз тағамдарды берген соң, үйге келген соң бала ашығып одан сайын түрлі зиянды нәрселерді жей бастайды.
Бірақ балабақшалардың ас үйін ата-аналар мен қоғам белсенділері тексере бермейді. Сонымен қатар, ет, балық, жұмыртқа, жарма, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері – бұл баланың табақшасында үнемі болуы керек өнімдердің ең аз тізімі. 2012 жылғы қаулыда қабылданған тамақтану нормалары бойынша балабақша тәрбиеленушісіне күніне 85-тен 100 грамм ет, 250 грамм көкөніс, 50 грамм балық, сондай-ақ жарма, май және сүт жасына байланысты жарты жұмыртқа ұсынылуы керек. Педиатрдың айтуынша, үш жастан бастап баланың мәзірінде кем дегенде бір ыстық тамақ болуы керек. Бұл жаста балаға 1,5 мың калория қажет болса, 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 2 мыңға жуық калория керек”,- деді қоғам қайраткері Зарина Көкжанова.

“Егер балада дәрумендер жетіспесе, иммунитет төмендеп, анемия дамиды. Бүкіл денеге оттегі мен қажетті заттарды тасымалдауға жауапты дәрумендер бар. Тіпті ақыл-ой қабілеттері де сәтсіздікке ұшырауы мүмкін”,- деді № 6 емхананың педиатр-консультанты Гаухар Мыңжасарова.

Мамандар баланың ас мәзірі түрлі дәрумендерге толы тағамдармен болуы керек екенін ескертті. 

Талқылау