Басты жаңалықтар
Шымкент әкімдігі "өзеннің жөндеу жұмыстарына" 1,2 миллиард теңге қаржы бөлмек
Фото: Wikipedia.org
Шымкент әкімдігі қаладағы Қошқар ата өзенінің жөндеу жұмыстарына 1,2 миллиардтан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Өзеннің жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды.
- “Тапсырыс беруші – "Шымкент қаласының жайлы қалалық орта қалыптастыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
- атауы – суару жүйелерін (арналарды) күрделі жөндеу/қайта жаңарту жұмыстары;
- қосымша сипаттамасы – Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенін Жангелдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейін күрделі жөндеуден өткізу (1-кезең);
- жоспарланған сома – 626 567 196 теңге", — делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Сол порталда тағы бір лот жарияланды.Бірақ бұл – күрделі жөндеудің екінші кезеңі. "Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенін Жангелдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейін күрделі жөндеу (2-кезең)". Бұл жұмысқа 628 307 814 теңге жұмсау жоспарланған.
Осылайша, Шымкентте өзенді күрделі жөндеудің екі кезеңіне жалпы сомасы 1 254 875 010 теңге қаражат жұмсау жоспарланып отыр.
Бұған дейін шығыс Қазақстанда бір топ лауазымды тұлға көшенің жарығын ауыстыруға бөлінген 2,5 миллиард теңгені жымқырғаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
Дәрігерлер оған дереу бүйрегін ауыстыру керек екенін айтқан

"Екі тілде жұмыс істей алу – үлкен артықшылық": Орыс қызы қалай қазақ тілін үйреніп, телеарнада жүргізуші болды
Ол бізге қазақ тілін қалай үйренгенін, қандай қиындықтар болғанын айтып берді