Шығыстүстіметтің қызметкерлері: Жауапкершілік – азаматтық таңдаудан басталады

Қазақстанда Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл – әрбір азамат үшін елдің болашағына бейжай қарамай, өз көзқарасын білдіруге берілетін маңызды мүмкіндік.
Өз ұстанымымен KAZ Minerals Тобына қарасты "Шығыстүстімет" ЖШС-нің шахтасында бас инженер болып жұмыс істейтін Әнуар Қадыров бөлісті. Оның айтуынша, тау-кен өндірісі дәлдік пен сенімділікті талап етеді, өйткені әр қызметкер тек өзі үшін емес, жанындағы әріптестері үшін де жауап береді. Ортақ нәтиже бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысына байланысты.
Осы қағидаттар азаматтық ұстанымда да маңызды. Референдумға қатысу – ел дамуына жеке үлес қосу және қоғам үшін маңызды шешімдерге қатысты өз пікіріңді ашық білдірудің бір жолы.
Сондықтан Әнуар Қадыров референдумға міндетті түрде қатысатынын атап өтіп, әрбір азаматты бұл маңызды сәттен тыс қалмай, өз таңдауын жасауға шақырады.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"