Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты (видео)

Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол-көлік апаты 7 желтоқсан күні Шемонаиха – Усть-Талов тас жолында болған. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Corona Premio және Toyota Hilux автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"