Шығын 1 миллиард теңге: Шымкентте тұрғындар мен қызметкерлер бірігіп, мұнай өңдеу зауытынан бензин ұрлап келген

Ішкі істер министрлігі Шымкент мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын әшкереледі. Полиция жанар-жағармайды заңсыз шығару арнасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, қылмыстық схемаға мұнай өңдеу зауытымен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар қала тұрғындарымен сөз байласқан.
“Ұрланған отынды қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше базаның аумағында сақтау және сату деректері анықталды. Қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады”, – делінген хабарламада.
Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленген.
Барлық күдікті ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.
“Қылмыстық іс аясында Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен