Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шыбық сындырмай-ақ 3 трлн теңге тапты": Тоқаев Қазақстан банктерін сынға алды

Көпбалалы отбасылар мен ипотека төлейтіндер енді салықтан жеңілдік ала аламайдыФото: Stan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында екінші деңгейлі банктердің өткен жылы 3 триллион теңге табыс тапқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.   

Президент былтыр екінші деңгейлі банктер былтыр шыбық сындырмай-ақ 3 триллион теңге тапқанын жеткізді. 

“Жаңа инвестициялық кезеңнің тиімді жүзеге асуы көбіне қаржы секторының белсенді атсалысуына байланысты. Бүгінде еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84%-ы банк саласына тиесілі. Дегенмен бизнеске берілетін қарыз үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Небары 38%. Ал екінші деңгейлі банктер былтыр “шыбық басын сындырмай”, еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты”, – дейді Тоқаев. 


Бизнесмен Турлов Қазақстанда тағы бір банк пен маркетплейс сатып алмақ


Қазақстан криптовалюта шоттарын банк терминалдары арқылы толықтыруға рұқсат бермек


Сонымен қатар, президент еліміздегі ірі банктер мемлекет тарапынан көмек берілгеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырап жатқанын айтты. 

“Банктер экономиканың негізгі қаржыландыру көзі ретінде өзінің заңды рөліне оралуы үшін жағдай жасау қажет деген талай рет айтылды. Бірақ сылтау таусылмайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерге куә болдық. Ірі, жүйе құраушы банктер мемлекет тарапынан орасан зор көмек берілгеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырап, тура мағынасында 1 долларға сатылды. Қазір банктердің өзіне тартатын қаржы ресурстарының құны жоғары деген әңгіме айтыла бастады. Олардың экономиканы қаржыландыруына осы кедергі келтіріп отыр-мыс”, – дейді президент. 

Мемлекет басшысының сөзінше, экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жалғыз жолы – инфляцияны тұрақтандырып, деңгейін төмендету. Содан кейін нарықтық мөлшерлемені азайту дейді. 

“Тағы да қайталап айтамын: бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктің жүйелі, үйлесімді әрі кәсіби тұрғыда жұмыс істегені маңызды. Халықаралық валюта қорының кеңесіне құлақ асып, түрлі терминологияны оңды-соңды қолдануға аса көп ақылдың қажеті жоқ. Аздап ойланып, тым болмаса көптеген түйткілді шешуге талаптанып көру, бұл – басқа мәселе”, – деді Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы қай қазақстандық банктер көп пайда тапқанын жазған едік. Ұлттық банк ұсынған дерекке сәйкес, өткен жылы Halyk Bank және Kaspi Bank әдеттегідей ең жоғары нәтиже көрсеткен. Ал бір жылдағы ең жоғары өсім исламдық Заман банкте тіркелген. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 13:54