Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашура күні: Мұсылман-шейіттердің қанды салттары (фото 18+)

Жыл сайын шейіттер Ашура фестивалі кезінде денелерін пышақпен тіліп, айналасын қанға бояйды. Аталған мейрам Ауғаныстан, Үндістан, Пәкістан, Ирак, Ливан, Бангладеш сынды мемлекеттерде міндетті түрде атап өтіледі.

Фото: Getty Images

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Мұсылман шейіттер Мұхаммед пайғамбардың немересі Құсайынның қаза тапқан күнін Ашура мейрамы кезінде еске алады. Аталған мейрам 10 күнге созылады. Мейрам кезінде әйелдер кеуделерін соғады, ал еркектер маңдайлары мен арқаларын тілуге асығады. Тіпті бүлдіршіндердің де маңдайларын пышақпен тіледі. Жұрттың айтуынша, осы дәстүр арқылы адам өз күнәсінен арылады. Имам Құсайын б.з.д. 680 жылы Язид әскерінің қолынан қаза тапқан.

395348C500000578-0-image-a-33_1476265779941

Күні кеше Ашура мейрамы Ченнай, Набатия аймағында аталып өтті. Фестиваль кезінде адамдар ғана емес, айнала түгелдей қанға боялды. Ирак мемлекетінің астанасы Эн-Наджаф қаласындағы көрініс қорқынышты фильмді еске түсіреді. Афина маңындағы Пирей портында да дәл осындай фестиваль өткен. Бұл аймақта 6 мыңға жуық мұсылман тұрып жатыр. Олар әдетте төрт мешітте Жаратқанға тағзым етеді.

Пирей мен Греция елінде өтетін фестиваль басқа мемлекеттердікіне қарағанда өзгеше. Мұнда екі азамат қолдарына ұстара мен қамшы ұстап алып, алдына келген еркектерді аяусыз ұрып-соғады. Қажет болса, ұстараның көмегімен арқасын тіледі. Имам Құсайын Кербел маңында өткен шайқаста дұшпанынан қорғану үшін жылқы жануарын пайдаланған. Сондықтан шейіттер үшін жылқы жануарының орны ерекше.

Кеше Пәкістанның астанасы Исламбад қаласында дәрігерлер көп қан жоғалтқан жандарға шұғыл көмек көрсетті. Алла жолында деп ересектердің ғана емес, бүлдіршіндердің де маңдайлары тілінген екен.

ashura1310

 

Ашура мейрамын мұсылман шейіттер әлемнің қай бөлігінде жүрсе де атап өтуге тырысады. Мұнымен қатар, ол мемлекеттік мейрам болып саналатын елдер де бар. Соңғы уақытта бұл мейрам көптеген дін белсенділерінің арасында шу туғызған-ды. Кей имам қанды жерге төгудің орнына оны науқастарға беруді ұсынды. Мейрам шейіттер мен сүннетті жақтаушылардың арасына да от жағуда. Тіпті кей топ фестиваль кезінде шейіттерге шабуыл жасаған.

39550A2300000578-3834183-image-a-45_1476286809888

 

Мьянмеде шейіт мұсылмандар ыстық шоқтың үстімен жалаңаяқ жүріп өткен. Мейрамның шарықтау шегі – 10-шы күні. Оны әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген шейіттер міндетті түрде атап өтуге тырысады. Әзірге жыл сайын Ливан, Бангладеш, Ирак, Пәкістан, Мьянма сынды мемлекеттерде аталып өтіледі. Мейрамнан кейін адамдар бір-бірінің үстін қаннан тазартуға көмектеседі.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен көзінің ішіне тату жасатып, тілін кестірген (фото)

Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады

Селфи жасаймын деген үнді қызы бас терісінен айырылды

Талқылау