Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шейхтың аспаздарына шеберлік сабағын өткізеді: Зейнеткер әйел шейхтен Абу-Дабиге шақырту алды

Қырғызстандық зейнеткер мен оның отбасын шейх екі аптаға Абу-Дабиге алып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

әже

Шейх әжеге аспазына  қаттама нанын пісіруді үйретуін өтінген.

Мұны қырғызстандық блогер Әділет Ноғойбаев TikTok-та жариялады.

Әже Ыстықкөлге барар жолдағы Суық суда қаттама пісіреді.

"Абу-Дабиден келген шейхтер Лира әже мен оның әпкелерін Абу-Дабиде екі апта демалуға және аспаздарға шеберлік сабағын өткізуге шақырды. Біздің қаттама оларға қаншалықты ұнағанын көріңізсеңіздер!" – деді блогер.

Патша отбасымен Суық суға тоқтаған. Онда олар қаттаманың дәмін көріп, оны құшырлана жеген. Делегация қайтар жолда да сол жерде тоқтады.

"БАӘ-нің ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі Мұхаммед мырза шейх достарына тосын сый жасау үшін Лира әжені отбасымен шақырды. Екі апта бойғы демалыс шығынын Мұхаммед мырза жабады. Сондай-ақ,  аспаздарға қаттама жасауды үйреткені үшін  сыйақы беріледі. Қырғыз қаттамасы басқа елдерді танылады. Қырғызстаннан келген әженің қарапайым тарихы", – делінген видеода.

Талқылау