Шетелге жұмыс істеуге барамын деп сан соғып қалмаңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі шетелде жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынамыз деген интернеттегі күмәнді хабарландырулардан сақ болуға шақырды. Ведомство мұндай ұсыныстардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі “жалақысы жоғары жұмысқа” тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады.
Алайда шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:
- жеке куәлігі мен өзге де құжаттарының қолды болуы;
- еркін жүріп-тұру мүмкіндігінің шектелуі;
- интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылу;
- уәде етілген жалақының берілмеуі;
- “босатып жіберу” немесе елге қайтару үшін ақша талап ету;
- қысым көрсету, қорқыту.
Сақтық үшін мыналарды ескерген жөн:
- шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз;
- жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз;
- құжаттарыңыз бен жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз;
- сапар бағыты мен баратын жеріңіз туралы жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз.
Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.
- Ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.
- "Қазақ қыздары жеңіл жүрісті дегенге намыстандым": 6 жыл Кореяда жұмыс істеген отандасымыз автоүй мен кемелер жасаған
-
Қазақстандық ер адам Мьянмада құлдыққа түсіп, алаяқтық орталығында жұмыс істеген
Еске салайық, бұған дейін шетелге жұмысқа барған қазақстандық қыз 700 мың теңгедей шығынға батып, бір аптадан соң елге қайтып келгенін жазған едік. Ол 2025 жылдың қаңтарында бір компаниямен Болгарияға жазғы маусымда жұмыс істеуге келісімшарт жасасқан. Үш ұсыныстың ішінен даяшы қызметін таңдапты. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпей, жұмыстан шығуға мәжбүр болған.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген