Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелге жолдама сатып алған алматылықтар демалыссыз қалды: 26 жастағы туристік фирма директоры ұсталды

Шетелге жолдама сатып алып, демалыссыз қалған 20 алматылық турист бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: cgon.rospotrebnadzor.ru

Алданған азаматтар полицияға жүгініп, шағымданды.

"Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 26 жастағы туристік фирма директорын ұстады. Барлық алдау эпизоды бір іс аясында біріктірілді. Алдын ала тергеу көп рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Зардап шеккендерді полиция Алмалы аудандық басқармасына жүгінуге немесе келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73 немесе 254-46-12.



Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға туристік фирманы мұқият таңдауға кеңес бергенін жаздық. Ақтөбе тұрғыны мамырда туристік фирманың директорына 250 мың теңге беріп алданған. Ішкі істер министрлігі демалыстың қызған шағында турларды брондау кезінде келісімшарттарды мұқият зерделеуге, туристік ұйымдардан құжаттарды талап етуге және шарттарын мұқият тексеруге шақырды. Министрлік ақшаны алдын ала бермеу керегін айтты.

Талқылау