"Шетелге оқуға түсіруге уәде берген": Алматыда тіл мектебінің иесі 160 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген айыппен сотталды
Алматыда шетелдік оқу орындарына түсуге көмектесемін деп уәде беріп, 160 миллион теңгеден астам қаржы жинаған тіл мектебінің иесі алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 жастағы Дәулет Түймебайға өз қызметін "Zeyn qoi" атты оқу орталығының атынан жүргізіп келген. 2022 жылдың күзінен бастап, ол әлеуметтік желілерде белсенді жарнама жасаған. Онда ол бір жыл ішінде тілді үйретіп, шетелдік жоғары оқу орындарына міндетті түрде түсіремін деп уәде берген.
Ол Еуропада өмір сүріп, жұмыс істегенін айтып, өзін сауатты, білімді, беделді адам ретінде көрсете білді. Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, сенім ұялатқан. Оған қоса, жарнама мен сатылымды жақсы меңгерген менеджерлерді жалдап, оқу орталығын белсенді насихаттаған.
Оқу ақысы орта есеппен 1,2 миллион теңге болған. Кейбіріне жеңілдік жасалса, енді біреулер одан да көп ақша төлеген. Ақшасы жетпеген ата-аналар тіпті балаларының жақсы білім алғанын қалағандықтан банктен бөліп төлеуге келіскен.
Алайда келісімшартқа қол қойылғаннан кейін жағдай мүлде өзгерген. Сабақтар жүйесіз өткізілген.
– Мұғалімдер жиі ауысып отырған;
– Көп жағдайда сабақтарды төмен жалақыға жұмыс істейтін студенттер өткізген;
– Сабақтар үнемі кейінге шегеріліп, кесте сақталмаған;
– Тіпті кейде мүлде өтпей қалған.
-
Астаналық әйел желіде балағат сөз айтқаны үшін жаза арқалады
-
Жамбыл облысының полиция басшысы орынбасары ұсталған соң қызметінен кетті
Осындай жағдайда оқитын адамдарға ағылшын не қытай тілін меңгеру мүмкін болмаған. Одан бөлек, құжаттар да дұрыс рәсімделмеген. Ал ата-аналардың ақшасы басқа заңды тұлғаның атына түскені анықталды. Кейін белгілі болғандай, Дәулет Түймебайдың құжаттарында да заңсыздықтар болған. Ал ата-аналардың ақшасы мүлде басқа заңды тұлғаның есепшотына түскен. Олар кейін ақшаларын қайтаруды талап еткен. Алайда Түймебай ақша қайтарудан бас тартқандықтан көпшілік полицияға шағымданған.
Өткен жылдың жазында Дәулет Түймебай қамауға алынды.
Сотта 100-ден астам жәбірленуші болды. Дегенмен Түймебай кінәсін мойындамай түсініктеме беруден бас тартты. Сот оны алаяқтық жасады деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда амнистия қолданылып, жазасы 5 жыл 7 ай болып қысқартылды.
Залал – 168 миллион теңге. Сотталушы егер 168 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтесе, мүмкіндігінше ерте босап шығуы мүмкін.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
