"Шетелге кеткен заңсыз ақшаларды қайтару": Әділет министрлігі заң жобасына қатысты пікір білдірді
Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен жан-жақты талқыланып жатыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, заң жобасын дайындау бойынша жұмыс қарқынды жүруде.
“Бұл ауқымды мәселе. Сондықтан, оны жан-жақты талқылауға тиісінше уақыт керек", - деді вице-министр.
Еске салайық, кеше Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Бас прокурор Берік Асылов пен Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жасаған депутатты сауалында Қазақстаннан заңсыз әкетілген активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдауды сұрады. Ол Қазақстаннан шетелге кеткен ақшаны қайтару жөніндегі комиссия тарапынан нақты іс-қимыл жасалмағанын атап өтті.
Бұған дейін шетелге заңсыз шығарылған 670 миллиард теңге Қазақстанға қайтарылғанын жазған едік.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін