Өткен жылдармен салыстырғанда шетелге кететін қазақстандықтардың саны азайған
2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша Қазақстанға 2,1 мың адам келіп, 5,5 мың адам елден кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстанға келгендердің ішінде 1,6 мың адам - еңбекке жарамды азаматтар. Сонымен қатар, елден еңбекке жарамды 4 мың адам шетелге кетті. Ал 15 жасқа дейінгі 204 бала келсе, осы жастағы 1,3 мың адам Қазақстаннан кетіп қалған.
Қазақстанға келушілердің арасынан 204 адам жұмыс мақсатымен, 11 адам оқу үшін қоныс аударған.
Елден кеткендердің 82%-ы ТМД елдеріне көшкен. Оның ішінде 4,4 мың адам Ресейге қоныс аударды. Сондай-ақ, танымал бағыттардың қатарында Өзбекстан мен Беларусь елдері де бар.
Тиісінше, эмиграцияға кеткендердің 18%-ы немесе 995 адам әлемнің басқа елдеріне кетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,2%-ға артық. Оның ішінде 745 адам Германияға қоныс аударған. Бұл бағыт бойынша танымал елдер қатарына Израиль мен Польша кіреді.
Елімізге ТМД елдерінен 1,7 мың адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,6% -ға аз. Соның ішінде 851 адам – Ресейден, 518 адам – Өзбекстаннан, 125 адам – Қырғызстаннан келген.
ТМД-ға кірмейтін әлемнің басқа елдерінен 350 адам келді – бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5 есе аз. Қытай, Түркия және Ауғанстан елдерінен қоныс аударғандар қатары көп.
Биыл үш айда 466 экономист, 249 мұғалім, 186 дәрігер, 113 заңгер елден кетті.
Елге барлығы 244 "техник", 126 экономист, 70 мұғалім, 62 дәрігер, 48 заңгер келді.