Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелге қашып кеткен Алматы экс-әкімінің әйелі Швейцариядағы өмірі туралы айтты

виктор және лейла храпуновтар

Фото: Лейла Храпунованың жеке парақшасы

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың әйелі YouTube арнасында Швейцариядан видео жариялап, көрермендерді Женеваның шетіне видео-тур жасауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Лейла Храпунова Швейцарияның оңтүстік бөлігі, атап айтқанда, Женева кантоны мен оның коммуналары таңғажайып табиғатпен қоршалғанын атап өтті.

"Швейцариялықтар жазды белсенді және табиғат аясында өткізгенді ұнатады. Олар жергілікті көлдерде демалуды, тауда серуендеуді, су спортымен айналысуды, сонымен қатар жергілікті мәдени іс-шараларға белсене қатысқанды жөн көреді", – дейді қашқын шенеуніктің әйелі.

Виктор Храпунов 1997-2004 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

Ол тау бөктеріндегі заңсыз құрылысқа қатысты жанжалдан кейін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің ұсынысымен қызметінен босатылды. Кейіннен Храпуновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысында коммуналдық жерлерді жеке меншікке заңсыз беру фактілері анықталды.

2007 жылы Виктор Храпунов әйелі және бес баласымен Швейцарияға қоныс аударды.

2018 жылдың қазан айында сот оны мемлекет мүлкін ұрлау, алаяқтық, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу және ұрланған мүлікті заңдастыру бойынша сырттай кінәлі деп таныды. Храпуновтың мемлекетке келтірген шығыны 250 миллион теңгеден асты.

Сот Виктор Храпуновты мүлкін тәркілеумен, сондай-ақ Ұлттық банкте, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және басқа да мекемелерде лауазымдарды атқару құқығынан айырумен, жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Лейла Храпунова 14 жылға сотталды.

2021 жылдың қаңтарында Храпуновтар Швейцариядан саяси баспана алды.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 19:14
Талқылау