Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктердің жүрегін жаулаған қазақтың үздік бес ұлттық тағамы аталды

Туризм және спорт министрлігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шетелдік қонақтарды баураған қазақтың бес ұлттық тағамды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Министрлік отандық туроператорлардың сауалдамасы негізінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген қонақтардың есінде қалған бес ұлттық тағамның тізімін ұсынды. 

Үздік бестіктің көшбасшысы, әрине – бесбармақ (әр өңірде әртүрлі айтылады). Екінші орында – бауырсақ. Әсіресе, шетелдік меймандар ши бауырсақты кәдесый ретінде көптеп сатып алған. Үшінші орында – қымыз. Төртінші орында – құрт болса, үздік бестікті шұбат түйіндейді. 


Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған қырғызстандық кешірім сұрады


"Еліміздің ұлттық тағамдары – тек тамақ қана емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын мәдени көпір. Гастрономиялық турлар шетелдік туристердің Қазақстанға жасаған сапарларының маңызды бөлігіне айналды", – деді туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің ресми өкілі Айжан Жолдасбекова.

Еске салсақ, бұған дейін ел бюджетінен 5,7 миллиард теңге жұмсалған Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан 20 есе аз табыс түскені туралы жазған едік. 

Талқылау