Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер пәктігін сататын қазақстандық қыздарды аукционда үш есе қымбат бағаға сатып алады

Шетелдіктер қазақстандық қыздарды үш есе артық бағамен сатып алады. Ал, елдегі жігіттер мұндай қыздарды тегін болса да керек қылмайды. Оған не себеп?

Қазақстандық қыздар шетелдіктер арасында сұранысқа ие. Мәселен, “First-night” интимді қызмет агенттігі клиенттеріне қазақстандық қыздарды, анығын айтсақ алматылық қыздарды, ашық түрде сатып жатыр, деп жазады Караван.

Мекен-жайы Мәскеу деп көрсетілген бұл мекеме Қазақстанның, Ресей мен Украинаның қыздарын ұсынады.

«Біз әрбір клинетке қатысты ақпаратта 100 пайыз құпия ұстаймыз. Қазір-ақ Алматыдан пәк қызды сатып алып, өміріңізді өзгертуіңізе болады», – дейді қызметкерлері.

Олар клиентінің көзін жеткізу үшін дәрігерге апарып тексеруге де кепілдік береді.

Қыз саудасы аукцион арқылы өтеді. Кім көп ақша ұсынса, қыз сонікі.

Қазақстандық қыздар орта есеппен 5 мың доллар тұрады. Оларды көбіне Германия мен АҚШ азаматтары сатып алатын көрінеді. Ал, өз елімізде мұндай қыздарға деген сұраныс бірден азайып қалған.

Өйткені, олар әрбір бұрышты тұратын жезөкшенің ота арқылы «пәктігін жасатып» алатынын біледі. Елімізде гименопластиканың құны да арзандаған. Қыздық пердені қалпына келтіру небәрі 30 мың теңге тұрады. Ол 30 минутта-ақ жасалады.

«Қыздар үшін бұл тамаша мүмкіндік. Ол ақшаға пәтер, көлік алады немесе шетелде оқиды. Өзінің сұлулығы мен киіміне жұмсап, жақсы жігітпен таныса алады», – дейді агенттік өкілі.

Қазақстандық сайттарда пәктігін сатып алушы мен бала көтеруге лайықты азамат іздейтін қыз-келіншектер көбейген.

«Қаны таза қазақ қызымын. Жақсы азамат болса, пәктігімді 2 мың долларға сатамын. Түрім келісті, көзім үлкен, сымбаттымын. Бойым 160, салмағым 47. Пәктігіме күмән келтіретіндер болса, сіздің дәрігеріңізге тексерілуге келісемін», – деп жазылған қазақстандық сайттың бірінде.

Бұл хабарландыруды оқыған көптеген қазақстандық жігіттер, пікір жазып мазақ қылған.

«Қалпына қашан келтіріп едің? Пәктігіңді осымен қаншасыншы рет сатқалы жатырсың?» деп жазған жігіттер жағы.

Өйткені, қоғам мұндай ластықтан шаршаған. Сондықтан сылқымдар қалталы азаматтарды шетелден іздей бастады.

Тағы да оқыңыз:

22 жастағы қазақ жігітінің есімі жазылған чип Марс планетасын айналып өтпек

Шымкентте қоқыс полигонынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Шымкентте ер адам көршісінің ұлын зорламақ болды

Талқылау