"Шетелдік қонақтар үшін": Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге жаңа көліктер сатып алмақ
Фото: depositphotos.com
Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге жаңа көліктер сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алу порталынан екі лот жарияланған. Алғашқы лотқа сәйкес, әкімдік екі бірдей люкс санатындағы автокөлік сатып алмақ. Әрқайсысының бағасы шамамен 42 миллион теңге болды.
Ал екінші лот сәл қарапайымдау: әрқайсысы 21 миллион теңгеден, төрт автокөлік.
Облыс әкімдігі жаңа көліктердің не үшін қажет екенін түсіндірді. Әкімдік мәліметінше, жаңа көліктер шетелдік қонақтарды және қорғаудағы тұлғаларды қарсы алу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бұл көліктер облыстың шалғай аудандарына "сенімдірек" сапар шегу үшін қолданылады.
Үкімет отырысына шенеуніктер сәнді Maybach көліктерімен келген
Қазақстанда қандай көліктер көп сатылады
Қазір облыс әкімдігінің автопаркінде 16 көлік бар, бұл рұқсат етілген шектеуде. Нарықтағы бағаларға шақсақ, автопарктің жалпы құны 300 миллион теңгеден асып шығылады.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында шенділер қызметтік автокөліктерді жеке шаруаларына пайдаланғаны туралы жазған едік.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
