Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік азамат Қазақстанда алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ құрған: 125 миллион теңге залал келді

Фото: Istock.com

Шетел азаматы Қазақстан аумағында қылмыстық топ құрып, 125 миллион теңге залал келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық”, 262-бабы “Ұйымдасқан топты құру және оған қатысу” бойынша қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру барысында 2024-2025 жылдар аралығында шетел азаматы Қазақстан аумағында интернет және телефон арқылы алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ құрған. Осылайша  21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірген.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Алаяқтық мобильді байланыс құралдарын пайдалана отырып, телефон қоңыраулары арқылы жасалған. Күдіктілер өздерін пошта ұйымдары мен байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың атына несие рәсімдеп, алынған қаражатты иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілердің 3 автокөлік құралына тыйым салынды. Қалған залал сомасы сот тәртібімен мәжбүрлеп өндірілмек.

20 күдікті қамауға алынды. 2 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 07 Ақпан, 2026 14:38