Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетел азаматына есепшот ашқан қазақстандық банкке айыппұл салынды

қазақстандық банк шетелдікке есепшот ашқан

Фото: Ru.freepik.com

Қашықтан шетел азаматына есепшот ашып бергені үшін қазақстандық банкке айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шараларды күшейту жұмыстары жалғасып жатыр. Заңмен резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынғанына қарамастан, банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан.

Кейін есепшот интернет-алаяқтар азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланған.

“Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды. Банк 1 000 000 теңгеден астам айыппұл төледі.”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодексінің 254-бабы (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айым Болатқызы
Жұма, 04 Шілде, 2025 17:04
Талқылау