Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстанда полицейлерге шабуылдаған жасөспірімді билік өлтіріп, денесін алаңға шығарып қойған

7 сәуір кешке Шешенстанның Ачхой-Мартанда белгісіз біреу патрульдік полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан бір полицей ауруханада көз жұмды. Келесі күні күдіктіні ұстап, оның денесін алаңға қойып қойған. Рамзан Қадыров шабуыл жасады деген жасөспірімнің туыстарын Шешенстаннан шығаруды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: GroznyiTV

Дүйсенбі сағат 21:00 шамасында Ачхой-Мартан тұрғыны жол полициясы бекетінде кезекші полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасады.

Бейнебақылау камерасынан жігіттің дүкеннен шығып жатқанын көруге болады. Жол бойында шамдары жанып тұрған полиция көлігі тұр. Көліктің қасында үш адам бар. Шабуылшы оларға қарай жүгіріп, біріншісіне шабуыл жасайды. Ол полицейді жерге құлатады, сол кезде оқ атылады.

Ачхой-Мартан – қала типтес елді мекен, дегенмен шешендер оны қала деп атайды. Ол Грозныйдан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырымдай жерде, тау етегіне жақын орналасқан. Онда 30 мыңнан астам адам тұрады.

Дәл осындай оқиға мұнда бір жыл бұрын болды. Ачхой-Мартанов ауданындағы Старый Ачхой ауылында қаруланған үш адам полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. 

7 сәуірде бір полиция қызметкері ауыр пышақ жарақатын алып, ауруханада мерт болды. Тағы екеуі жарақат алды. Тергеу комитеті құқық қорғау органдары қызметкерлерін өлтіруге оқталу істі тергеп жатыр.

9 сәуірде Ачхой-Мартандағы бюджет саласының барлық қызметкері қала орталығындағы митингіге жиналды. Бірақ ол митинг әдейі ұйымдастырылған екен.

Митингке мәжбүрлі түрде қатысушылардың бірі жиналғандардың алдына әкімдік басшысы Хоза Бурсагов пен ауданның ислам қазысы Абдурашид Дадуев шықты деді. Сол кезде көлік тоқтап, ішінен оралған қанды нәрсені алып шыққан. Бұл билік полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деп айыпталған жасөспірімнің денесі еді.

Ачхой-Мартан әкімшілігінің жанында бір топ адам жігіттің денесін қоршап алды. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше әйел есінен танып қалғанымен, митингіден ешкімді шығаруға рұқсат етпеген.

Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі Ева Меркачева Ачхой-Мартанда болған оқиғаны "жабайылық" және "баяғы заман" деп атады.

"Бұл ешқандай құқықтық нормаларға сәйкес келмейді. Адамзат қанды қақтығыстардан, өлім жазасынан және қатыгездікті көпшілікке көрсетуден құтылу үшін дамыды. Болып жатқан жағдай, менің ойымша, мәдениет пен өркениетке кері қадам", – деді ол.

Ачхой-Мартандағы шабуылдан кейін Рамзан Қадыров қауіпсіздік күштерімен кездесу өткізді.

"Бұл некесіз балаға келсек: ата-анасы, ағасы болса, олардың барлығын республикадан шығару керек. Олардың Шешенстандағы және Мәскеудегі мүлкін тәркілеу керек", – деді Қадыров.

Ол осылай жасағандарға қандай жаза болатынын айтты.

  • Біріншісі – мүлікті тәркілеу, сату және ақшаны мұқтаж жандарға көмек ретінде тарату;
  • Екіншісі – бір айдан кейін туыстарының мүлкін тартып алып, оларды да республикадан қуып жіберу.

Рамзан Қадыров полицейлерге шабуыл жасаған жасөспірім шетелдіктердің пропагандасына ерді деп, Украинаны кінәлады. Түркияда орналасқан топтың әрекетін белгілі бір "Украина азаматы" басқарған, ал олар жасөспірімді басқарып тұрған көрінеді. 

Украина билігі Қадыровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.

"Ішкі істер министрлігі мен Ресей Ұлттық гвардиясы ФСБ-мен бірлесіп, осының артында тұрғандардың әкелері мен ағаларын республика аумағынан шығаруы керек. Олардың дүние-мүлкі тәркіленуі керек... Осыдан кейін олар Украинаға жұмыс істеуін тоқтатпаса, басқа туыстарын да шығару керек", – деді Шешенстан басшысы.

Пышақпен шабуыл жасаған адамның отбасы мүшелері әлі полиция бөлімшелерінде, олардың не болып жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Олар жасөспірімнің тыстарын соғысқа жіберу арқылы кінәсінің бір бөлігін өтеуді ұсынып отыртдейді. Яғни Украинаға қарсы соғысқа бірнеше ер туыстарын жібереді. 

Талқылау