Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шешең қумай тұрғанда, бөлек шыққаның дұрыс болды": Ершат Қайболдинге жерлес ағасы пәтер сыйлады

Белгілі ақын Ершат Қайболдин өзінің туған өңірінен пәтерді сыйлыққа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ershat_kaiboldin/

Жақсы жаңалықты ақын жеке парақшасында жариялады. 

“Сүйінші, ағайын! Мен енді Ақтөбенің тұрғынымын. Атымтай-жомарт кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов ағам Ақтөбенің төрінен үй сыйлады. Ағама Алла разы болсын, мен риясыз риза болып қалдым. Әулетіне бар жақсылықты тілеймін. Кәсібі берекелі болып, абыройы аспандай берсін!" – деп жазды ол. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жаңалыққа қуанып жатыр. 

“Нұрболат енді сүйіншіге 20 мың салып жіберсін”, “Құтты шаңырақ болсын!”, “Қаланың тұрғыны болғаныңа қуаныштымыз”, “Топырлатып туа берсең жыл сайын, өзі ақ қуып жібереді шешеміз. Содан кейін Ақтөбеге көшеміз” деген өлең жолдарың орындалды”, “Абдуллиннің құттықтауға жүзі батпай отырған шығар”, – деп жазды оқырман қауым. 

Еске салайық, "Сен қорқақсың" әні үшін 20 мың теңге алған ақын Нұрболат Абдуллинге реніші барын жасырмаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 07 Тамыз, 2024 11:38
Талқылау
`