Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шерзат Полаттың отбасылық адвокаттарының көлігін белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен

Фото: Видеодан скрин

Шерзат Полаттың өлімінен кейін отбасына құқықтық көмек көрсетіп жүрген адвокаттар сот отырысынан шыққан соң көлігінің доңғалағынан екі болттың бұралып алынғанын байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Адвокаттар мұны сот отырысынан шыққан соң байқағаны.Олар бұл жол жүргенде қауіп төндіруі мүмкін еді деп отыр. Адвокаттар бұл қастандық па, кездейсоқтық па, білмедік дейді.

"Біз жаңа ғана сот залынан шықтық. Қараңыздаршы, мұның қастандық па, әлде жай ғана сәйкестік пе? Оны бір Алла біледі. Екі болтты бұрап тастаған. Жолға шыққанда бұл қауіп төндіруі мүмкін", – деді адвокаттар.

Адвокат Мейірман Шекеев оқиғаға байланысты арыз жазуға уақыт болмағанын айтты. Егер Талдықорған полициясы байланысқа шықса, шағым түсіруге дайын екенін жеткізді.

"Уақыт тығыз болды, арыз жазуға үлгермедік. Біз сотқа кіріп, қайта шықтық. Оқырмандарым көмектесіп, болт әкеліп берді. Біз оны орнына бекітіп, бірден кетіп қалдық", – деді Шекеев.

Сонымен қатар күні кеше ғана әлеуметтік желілерде айыпталушылардың сот залынан күліп шыққаны көрсетілген видео тарады. Қоғам бұл жағдайға ашу-ызасын білдірді. Видеода олардың жүздері көрсетілмесе де, бет-әлпеттеріндегі эмоцияны смайликтермен жасырып жеткізген.


"Пышақ ұстаған жігіттер қуалады": Шерзат Полаттың достары сотта оқиғаның қалай болғанын айтып берді


"Қыздардың біреуі көліктен пышақ әкеліп берді": Прокурор Шерзаттың мерт болған ағасы Нұрқанаттың жауаптарын оқыды


Еске салайық, бұған 2024 жылдың 4 қазан түні Шерзат Болат қаза тапты. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға сыра байланысты жанжалдан басталған. Сот бұл іс бойынша 10 адамды қамауға алды. 29 сәуірде сот залында Дархан Әскентайдың тағы бір сыныптасы сөз сөйлеп, оның ешқашан ешкімді ренжітпегенінайтқан еді.  Айта кетейік, бұған қоса сотта Қаржаубай Нұрымов қайғылы оқиға болған күнді сипаттап, марқұм Шерзаттың қандай күйде қаза тапқанын айтып берді

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 13:52
Талқылау