Шерзат Полаттың отбасына сотталушылар 285 миллион теңгеден аса моралдық өтемақы төлеуге міндеттелді
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта судья айыптаушыларға үкім шығарды. Сотталушылар Шерзат Полаттың отбасына 285 миллион теңгеден аса моралдық шығын төлейтін болды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
“Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева және Жұмабике Қадырованың әрқайсысына моральдық өтемақы ретінде 20 миллион теңге мөлшерінде төлеуді міндеттелсін. Равиль Сәкеев әрқайсысына 15 миллион теңгеден төлеуге міндеттеледі”, – деді судья.
Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаева Нұрбол, Қалиахмет Дидар ортақтасқан үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына, әрқайсысынан 10 миллионан, жалпы сомасы 60 миллион теңге мөлшерінде;
Осы адамдар Бишімбиева Гүлбараға қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде әрқайсысынан 10 миллионнан, жалпы сомасы 60 миллион теңге мөлшерінде;
Осы адамдар Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде әрқайсысынан 10 миллионнан, жалпы сомасы 60 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруге міндетті.
Сондай-ақ куәгерлер Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Қазакенова және Рузбакиевтер әрекеттерінде мүмкін болатын қылмыс белгілеріне назар аударып, прокурорға жеке ұйғарым шығаруға жолдады.
Еске салсақ, Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шыққан еді.