Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың өлімі: Күдікті 16 жастағы жасөпірімнің қазасына күлген

Фото: Әлеуметтік желіден

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев пен күдікті Дидар Қалиахметті беттестірген бейнежазба көрсетілді. Беттестіру кезінде күдікті мен жәбірленуші тараптың арасында текетірес болды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Беттестіру кезінде күдікті Дидар Қалиахмет өзін ерсі ұстап, күліп отырды. Оның бұл әрекеті Нұрғанат Ғайыппаевтың ашуын туығызды.

“Неге айыпталушы күліп отыр? Ол күліп отыр. Менің інім өліп қалған соң күліп отырсың ба?” – деп ашуға мінді Ғайыппаев.

Бұған дейін сотталушы Ілиясов Нұрқияс Нұрғанаттың мылтық атуы Шерзаттың өліміне себеп болғанын айтқан еді. 


"Бір адам істеді, бір адам мойнына алсын" деді": Абзал Шынасыл тергеу алдында қылмысты қалай бөлісіп алғанын айтты


Шерзаттың анасы сотқа тағы да куәлік беруге шақыртылды


Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың 16 мамырында Шерзаттың қазасына байланысты өткен сот отырысында күдіктіШыңғыс Белқожаевтан жауап алынды. Ол сотта Нұрқанатты сақалдысы деп ойлап, шын мәнінде Шерзатты ұрып, тепкенін мойындады. Оқиғадан кейін ол көлігімен кетіп қалып, ішінде жатқан мылтықты байқап, оны жол жиегіне лақтырып жібергенін айтты. Белқожаевтың сөзінше, өз қолында тек бәкі болған, ал Қаржаубай дүкеннен асүй пышағына ұқсас пышақпен шыққан. Сонымен қатар Нұрқанаттың екінші рет оқ атқанын көргенін де айтты.

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Мамыр, 2025 13:30
Талқылау