Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың ісі: Прокурор болған жағдайды не себепті топтық қылмыс деп санамайды

Талғар қаласында кәмелетке толмаған Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай жарыссөз кезінде айыпталушыларға неге қылмыстық кодекстің топпен кісі өлтіру бабы қолданылмағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сөзінде прокурор әр адам тек өзі жасаған әрекеттері үшін ғана жауап беруге тиіс екенін айтты.

“Сот әр айыпталушының кінәсінің деңгейі мен көлемін ұсынылған дәлелдемелерге сүйене отырып өзі анықтауға тиіс”, – деді ол.

Айыптау тарабы қылмыс топпен жасалған жағдайда, әр қатысушының нақты қандай әрекет жасағаны, яғни өлімге алып келген пышақ жарақатын кім салғаны анықталуы қажет екенін атап өтті.

"Сотта дәлелденгендей, жарақатты Абзал Шынасыл салған және дәл сол жарақат адам өліміне әкелген. Мұны екі сарапшы растады", – деді прокурор.


Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталды


"Ешқандай "шоксыз", көңілді отырды". Прокурор Шерзат Полаттың ісі бойынша екі куәгер қызды тексеруді талап етті


Сонымен қатар прокурор Шыңғыс Белғожаевтың пышақтың сабымен соққы жасап, Шерзатты тепкені, бірақ бұл жарақаттардың өлімге себеп болмағаны дәлелденгенін айтты. Сондықтан оған және төбелеске қатысқан басқа адамдарға "Бұзақылық" бабы бойынша айып тағылған.

Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза тағайындауды сұраған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 12:19
Талқылау