Шерзат Полаттың ата-анасы сот отырысына қатысқан жоқ
Фото: Видеодан скрин
Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың қаза болуына қатысты іс бойынша сот жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысына марқұмның ата-анасы келмеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Судьяның рұқсатымен сот отырсына марқұмның ата-анасы келмеді.
"Судьяның рұқсатымен жәбірленушілер сотқа қатыспады", – деді хатшы.
Хатшының айтуынша, жәбірленушілердің орнына адвокаттар, Досаева және Әжіғалиева қатысады.
"Бізге біреу "қаш" деді, қашып кеттік": Шерзат Полаттың досы сотта куәлік берді
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полат 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні көз жұмды.
Оқиғаның кең резонанс тудыруына қақтығыстың "сыра құтысына" бола басталғаны себеп болды. Сот он күдіктіні қамауға алды. Алғашқы тыңдау 10 сәуірде Талдықорған сотында өтті. Сот отырысынан Stan.kz ақпарат агенттігі трансляция жүргізді.
Істе екі куәгер әйел бар, соның бірі – Эльмира Нұрбекова. Өткен сот отырысында ол сотталушыларды оқиғаға дейін екі күн бұрын ғана танығанын айтты. 3 қазанда құрбысы Дана екеуі Равильдің шақыруымен "Эйфория" кафесіне барған. Ол жерде Нұрқияс, Равиль және тағы бірнеше жігіт болған. Біраз уақыттан кейін кафе жабылған соң, олар бірге көлікпен дүкенге барған. Дүкен алдында бір ер адамның қару шығарып, оқ атқанын, кейін төбелес басталғанын куәгер баяндады. Нұрбекова қорыққандықтан жедел жәрдем шақыра алмағанын, бірақ бір әйелден көмек сұрағанын жеткізді. Кейін олар көлікке мініп, белгісіз жаққа бет алған. Жолда полиция оларды тоқтатқан.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
