Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полат ісі бойынша прокурор қазақстандықтарға үндеу жолдады

Видеодан скрин

Шерзат Полат ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокурордың айтуынша, әлеуметтік желілерде өзінің атын, қызметін және фотосуреттерін заңсыз пайдаланып, жалған аккаунттар ашылып жатқан көрінеді. 

“Осыған байланысты бейнеүндеу жасауды қажет деп санаймын. Менің Instagram әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым – @s.d.n__. Парақша тек отбасым мен жақындарыммен байланыс орнату үшін ғана құрылған. Бұл парақшада ешқандай ресми жарияланым, пікір немесе кәсіби сипаттағы ақпарат жарияланбайды. Менің атымнан ашылған басқа барлық парақшалар – жалған”,  – дейді прокурор. 


"Шерзаттың өліміне әкелген жалғыз соққыны Шынасыл Абзал жасаған": Бас прокуратура неге біреуі ғана адам өлтіру ісі бойынша сотталғанын түсіндірді

"Кінәлары толық дәлелденген": Судья Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімін түсіндірді


Дана Сәрсенбай өзінің атынан ашылған жалған парақшаларда түрлі блогерлерге жазылуға шақырулар, жалған сауалнамалар мен сілтемелер, сыйлықтар мен ұтыс ойындары, қылмыстық іске қатысы бардай көрсетілген жалған мәліметтер таратылып жатқанын мәлімдеді. 

Прокурор азаматтарды сақ болуға, жалған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға шақырды.

Еске салсақ, бүгін Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушыларға қатысты сот үкімі шығып, басты айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 21:25
Талқылау