Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полат ісі бойынша екі куәгер не себепті әлі жауапқа тартылмаған: Прокуратура түсіндірді

Видеодан скрин

Прокуратура Шерзат Полат ісі бойынша екі куәгердің не себепті әлі жауапқа тартылмағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот барысында прокуратура қылмыс орнында болған куәгерлер Элмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің мәлімдемелеріндегі қайшылықтарға назар аударған еді. Екі куәгер де оқиға кезінде шокта болғандарын және қорқып, болып жатқан жайды хабарлай алмағандарын айтқан. Алайда автокөліктің видео-тіркегішіндегі видеолар олардың сөзін жоққа шығарады. 

"Олар өздерін өте еркін ұстаған, ешқандай артық қобалжу байқалмайды. Олардың шокта болмағанын ести аламыз. Олардың жағдайды нақты бағалауға мүмкіндіктері болған", – деді прокурор Дана Сәрсенбай. 

Прокурордың айтуынша, куәгерлер ақпаратты жасырып қалған. Мемлекеттік айыптаушы соттан осы факт бойынша шешім шығарып, материалдарды Алматы облысының полиция департаментіне жіберіп, қылмысты хабарламау және жалған куәлік беру баптарымен тергеуді талап етті.


"Ешқандай "шоксыз", көңілді отырды". Прокурор Шерзат Полаттың ісі бойынша екі куәгер қызды тексеруді талап етті


Іс бойынша айыпталғандарға үкім оқылғанда сот жеке шешім шығарып, куәгерлер Жақсыгелді мен Нұрбекованың әрекеттерінде қылмыс белгілері болуы мүмкін екеніне прокурордың назарын аударды.

Алматы облысының прокуратурасы бұл іс бойынша сот шешімі әлі заңды күшіне енбегенін хабарлады. Себебі айыпталушылар аппеляциялық шағым түсірген. 

"Қылмыстық іс облыстық сотта қаралуда. Сондықтан жеке шешім заңды күшіне енгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады", – делінген прокуратура хабарламасында. 

Еске салсақ, 2025 жылдың 5 маусымында Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 22:31
Талқылау