Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенінің жоғарылағанын ащы сумен тойлаған полиция қызметкерлерінің әрекеті елді шошытты (видео)

Әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбада өзін “Майор Асанова” деп таныстырған әйел бірінші болып 200 граммдық стақандағы “сұйықтықты” сіміріп салады.

Ол қолындағы ащы суды тауысып ішкен соң, барлығы қол шапалақтап, иығындағы погонды ауыстырғанын көруге болады.

Артынша, “капитан” және “аға лейтенант” атанған әйелдер де әріптесінің әрекетін қайталаған, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Бейресми марапаттау кезінде үстел басындағылардың бірі “аға лейтенант Арыстамова” деп айқайлағанын естуге болады. Видеоның нақты қай өңірде түсірілгені әзірге белгісіз. Бұған қатысты Ішкі істер министрлігі әзірге түсініктеме бермеді.

Тағы да оқыңыз:

7 жасар баланың оқиғасынан кейін ОҚО-дағы ауыл тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып жүр

Ақтөбенің бас дәрігері халықты хиджама жасамауға шақырды

Ерлі-зайыптылар танысқанға дейін 11 жыл бұрын бірге түскен суреттерін тауып алды

Талқылау