Шенеунік жиналыс кезінде әріптесін тізесіне отырғызып, құшақтап отырған

Өзбекстанда Zoom жиналысы кезінде әріптесін тізесіне отырғызып, құшақтап отырған шенеуніктің әрекеті қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nova24.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Өзбекстанның Самарқанд облысында болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан жиналыс кезінде шенеуніктің әріптесін тізесіне отырғызып, құшақтап отырғанын көруге болады.
Өзбекстанның еңбек министрлігі шенеуніктің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
Жыныстық бопсалау немесе харассменттен қалай қорғануға болады - Заңгер жауап берді
Министрліктің мәліметінше, оқиғаны жауапты органдар мұқият зерттеген, дауға себеп болған қызметкерлердің еңбек шарттары бұзылып, қызметірінен босатылған.
Шенеунік Самарқанд облысы Каттакурган ауданының жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту бөлімінің басшысы болып шықты. Ол бұл қызметті 2023 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келген.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жұмыстағы харассмент үшін жаза қарастырылатыны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді