Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа белесті бағындыру: Эндаументтер Қазақстандағы білім жүйесіне қалай көмектесе алады?

Қазақстанның жоғары білім жүйесі, тәуелсіз бақылаушылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдары айтарлықтай жоғары қарқынмен дамыды. Бір жағынан, бұл қуантады, алайда оның кері жағы да бар — даму шегіне тез жету. Жаңа тетіктерсіз осы шектен жоғары көтерілу мүмкін емес.

Сарапшылардың атап өткеніндей, Қазақстанның білім жүйесінде тәуелсіздік жылдарында бірнеше маңызды өзгерістер орын алды, бұл өзгерістер білім жүйесінің дамуына әсер етті. Әсер еткен өзгерістер мынадай:

  • Болон жүйесіне көшу және үш деңгейлі білім жүйесін енгізу (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура); 
  • ЖОО-ға түсу үшін ЕНТ жүйесінің енгізілуі; 
  • Мемлекеттік гранттарды орналастыру бойынша конкурс және мемлекеттік грант алатын студенттердің ЖОО-ны өз бетімен таңдау мүмкіндігі (бұрын мемлекеттік тапсырыс университеттерге министрлік тарапынан орналастырылатын).

Соңғы бес жылда, мамандардың пікірінше, білім саласында тағы бірнеше маңызды өзгерістер орын алды: университеттердің академиялық автономиясын кеңейту; ғылымды қаржыландыруды арттыру; педагогтың, ғалымның мәртебесін көтеру.
Яғни, қазіргі білім саясаты білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, интернационализацияға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Өткен жылы Қазақстан үкіметі 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім және ғылымды дамытудың Концепциясын бекітті. Бұл концепцияда аталған саланың орта мерзімді перспективадағы одан әрі дамуының басымдықтары көрсетілген.

Құжатта мынадай принциптер белгіленген:

  • жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімнің қолжетімділігі;
  • кадрлық қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлығы;
  • жоғары білімнің инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын дамыту;
  • жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімнің халықаралықтандыруы;
  • университеттің үшінші миссиясы;
  • өмір бойы білім алу;
  • үздіксіз білім беру жүйесін дамыту және бейресми білім нәтижелерін мойындау;
  • сертификаттау жүйесін дамыту және бейресми біліммен қамтуды кеңейту;
  • азаматтардың цифрлық құзыреттерін арттыру.

Қазақстандағы ғылымды дамытудың маңызды құрамдас бөліктерінің біріне  – ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау жатады. Үкімет түрлі ғылыми бағдарламалар мен жобаларға белсенді түрде инвестиция салып, ақпараттық технологиялар, энергетика, биомедицина, экология және басқа да салаларда ғылыми зерттеулер үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етуде.

Мәселенің мәні мынада болып тұр. Қазақстандық жоғары оқу орындарын мемлекет қаржыландырады, қазіргі уақытта бұл үздіксіз берілетін  қаржы көзі, алайда бұл қаржы көзі қатты шектеліп отыр. Қазақстан бюджеті "резина" емес және көбінесе әлеуметтік бағдарламаларды, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім жүйесіне жеке компаниялардың капиталын тартуға уәде беруде — коммерциялық тұрғыдан перспективалы зерттеулерді қаржыландыру үшін. Энергетика министрлігі бұл саладағы ірі компаниялардың өздерінің өндірістік шығыстарының 1%-ын жоғары оқу орындарына инвестициялайтынын уәде етуде.

Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек, онда эндаумент-қорлар кеңінен қолданылады. Мұндай қорлардың негізгі мақсаты — ерікті жарналардан қаржы тарту, оларды бағалы қағаздарға инвестициялау, ал алынған табысты студенттер мен ғылыми жобаларға гранттар, стипендиялар бөлу үшін пайдалану. Мұндай қаржылық қауіпсіздік арқасында әлемдегі үздік университеттер өз зертханаларын жабдықтап, ең жақсы оқытушыларды жұмысқа алады және дарынды студенттерге тегін орындар ұсынады. Мысалы, Гарвардтың эндаумент қоры 50 миллиард доллардан астам қаржы жинаған, Йель университетінің қорында 40 миллиард доллардан көп қаражат бар.

Қазақстанда 116 жоғары оқу орнына бар болғаны 20 эндаумент-қор жұмыс істейді, соның ішінде біреуі — мектептік. Оны Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің түлектері құрған. Мұндай қорлардың көптеп ашулыуына, әрбір жоғары оқу орнына бір қордан ашылса, тіпті жақсы болар еді, олардың ашылуына осы салада заңнамалық реттеудің жоқтығы  кедергі болып отыр. 

Шын мәнінде, НУ және НИШ білім беру қорларының жұмысы заңмен қамтамасыз етілген — бұл білім беру мекемелерінің ерекше мәртебесіне байланысты. Бұл өз жемісін берді — NU университеті еліміздің білім беру жүйесінің көшбасшыларының бірі болды, бұл халықаралық деңгейде де мойындалды.

Өткен жылы эндаументтердің жоғары оқу орындарын дамыту үшін тамаша құрал бола алатыны туралы түсінік үкімет деңгейінде бекітілді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек 2023 жылдың қаңтар айының басында осы ведомствоның кеңейтілген коллегиясында эндаумент-фондтарды құруды жоғары оқу орындарын басқаруды жетілдіру және қаржыландырудың тұрақтылығын арттыру бағыттарының тізіміне енгізді.

Сол кезде жоғары білім министрі осы шараларды жүзеге асыру үшін "арнайы заңнамалық нормаларды қабылдау қажет екенін" атап өтті, атап айтқанда, мақсатты капитал қорлары (эндаумент-қорлар), жоғары оқу орны активтерін трасттық басқару, сондай-ақ ынталандыру шаралары, оның ішінде салықтық жеңілдіктерде айтылды. 

"Университеттерді тұрақты қаржыландыру үшін мақсатты капитал қорлары туралы заң концепциясы мен 2023 жылы бес пилоттық жоғары оқу орнында эндаумент-фондтарды ашу бойынша жол картасы әзірленді", – деп хабарлады Саясат Нурбек.

Заң жобасы Мәжіліске түсті, ал қазан айында Астанада эндаументтер тақырыбында үлкен талқылау өтеді. Форумды Ғумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің эндаумент-қоры  ұйымдастырады. Форум туралы ақпарат осы жылдың сәуірінде Алматыда Қазақстандық эндаументтер өкілдерінің қаржы нарығы қатысушыларымен кездесуі барысында айтылды.  Оның нәтижесінде парламентарияларға заң жобасын қолдауды сұраған үндеу қабылданды, сонымен қатар елдегі мақсатты капитал қорларын қолдау үшін салықтық жеңілдіктердің қажеттілігі атап көрсетілді, бұл халықаралық үздік тәжірибеге сәйкес келеді.

Ал биылғы жылдың ақпанында Women in Business форумында "Сәби" қайырымдылық қорының президенті Асель Тасмағамбетова эндаументтер тақырыбын сөз етті. 

"Шын мәнінде, жүйелі қайырымдылықты қалыптастырудың тиімді механизмі — эндаумент-қорларын дамыту жатады. Эндаумент-фондтары капиталды жинауға, капиталдан пайыздар табуға мүмкіндік береді. Ал қорлардың жұмысы салықтық жеңілдіктермен ынталандырылады. Америкада, Еуропада, Ресейде мұндай қорлардың көптігі қайырымдылықты дамытудың жүйелі жолын көрсетеді. Бізде көптеген жылдар бойы эндаумент-фондтар туралы заң қабылданатыны туралы әңгімелер айтылып келеді, бірақ қазіргі уақытта ол жоқ", — деп мәлімдеді ол.

Көріп отырғанымыздай, Қазақстандық жоғары оқу орындарының дамуы белгілі бір шектеуге тірелгені және бұл шектеулерді кеңейтуге эндаументтер туралы заң көмектесетіні туралы сарапшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі бар. Ендігі кезек парламентке тиесілі болып отыр.

Жарнама құқығында 

Талқылау