Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекaра күзетшілері мен тұрғындардың төбелесінен кейін, бір адам қамауға алынды

Атырауда мылтықтан оқ атуға дейін барған шекера күзетшілері мен тұрғындардың төбелесінен кейін, бір адам қамауға алынды. Сот қақтығыстың негізгі себепшісі санаған азамат, Жанбай ауылының тұрғыны.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жанбай ауылында әскери бөлімнің қызметкерлері кешкі спорттық жүгіруден соң өздерінің бөлімшелеріне келе жатқан кезде, «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігі қызметкердің бірін қағып кетпек болған. Әскери қызметкерлер бөлімнің аумағына кірген кезде бірнеше көлікпен келген ауыл тұрғындары жасақ аумағына кіруге тырысқан. Сол уақытта оқ атылып, әскери бөлімнің алдына адамдар  жиналған. Осы тұста ауыл тұрғыны қоғамдық орында құқық қорғау органы өкілдерін балағаттаған. Кейіннен сотта ол өзінің кінәсін толық мойындап, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Жіберіп алмаңыз:

Солтүстіктің бас сәулетшісі парамен ұсталды

Атырауда бір топ жолаушы құстың кесірінен жолдан қалды

ОҚО-дағы орталық мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланылып келген

Жігіттер алып қашқанда қуанышы қойнына сыймаған қыз жұрттың ашуын келтірді (видео)

Талқылау