Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шайнамай-ақ жұта салайын": Мәдина Сәдуақасова мен Назиманың келіспей қалған суреті желіні жарды

Мәдина Сәдуақасова мен Назиманың келіспей қалған суреті желіні жарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желідегі парақшасына Назимамен түскен суретін жүктеп, жазба қалдырған. Ол желідегілерге сұрақ қойып, сахна сыртында не болғаны жайлы айтып берді. Қабақтарын түйіп, ұрсысқан күй танытқан өнер адамдарының арасында не болғаны белгісіз.

"Қалай ойлайсыздар Назима екеуіміз не туралы сөйлесіп тұрмыз? Сахна сыртындағы көрініс", - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Бір-бірімен бетпе-бет қарсыласып тұрған өнер иелерінің бейнесін көрген жұрт әртүрлі ойда қалды. Олар өз нұсқаларын айтып, ойларын ортаға салды. Жұрттың көбі әншілерді бір нәрсеге келіспей қалды деп ойлап қалған.

"Разборка жасайын деп жатқан сияқтысыздар", "Не болса да жақсы емес", "Ұрсысып жатырсыздар", "Қолыңды тартшы деп жатыр Назима", "Қолды белге қойып алып, апаң қояр емес. Шайнамай-ақ жұтайын деп тұр ғой", "Соңғы өсектер", "Қай жеріміз ұқсайды деп қарап тұрсыздар", "Назима. Мәдинаға көмектесіп жатыр", - десті жұрт.

Талқылау