Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оған онсыз да жеткілікті”: Спорт журналисі Шайдоровтың жүлдесіне берілетін қаражатты спортты дамытуға жұмсауды ұсынды

Михаил ШайдоровФото:ҰОК

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан бір ғана алтын жүлдені місе тұтты. Аталмыш жүлдені ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров салды. Осы жеңісі үшін чемпионға мемлекет оған 250 мың доллорлық сыйақы тағайындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал спорт журналисі Дидар Қадыров Михаилдың тарихи алтыны Қазақстанды құтқарып қалғанын айтып отыр.

Сонымен қатар, ол елде спортқа көп қаражат бөлінетінін, алайда соның өзінде бапкерлердің жалақысы төмен әрі инфрақұрылым ескіргенін атап өтті. Сол себепті Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа бөлінген 250 мың долларлық жүлде ақшасын спортты дамытуға жұмсау керек деп санайды.

“Олимпиада чемпионына 125 миллион беру орнына, сол ақшаның бір бөлігін кейбір спорт түрлерін дамытуға жұмсауға болады. Ал Шайдоровтың өзінде қаражат жеткілікті. Қосымша ақша қажет емес. Оның үйінің алдына асфальт төсеп қойсаң, жас спортшыларға көмек көрсетсең, қаражат дұрыс жетсе, бәрі жақсы болады. Мен тек қарапайым нәрселерді сұрап отырмын. Бірақ Қазақстанда оларды орындау қиын. Тіпті Шайдоровтың әкесі де соңғы рет ақша оларға жетпегенін айтты. Сондықтан бұл жетістік жүйенің емес, Михаилдың және сол сәтте бірге болған адамдардың жеке еңбегінің жемісі”, – деді Дидар Қадыров Sreda YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 32 жылдан кейін Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарынан алтын жүлде сыйлады. Бұған дейін 1994 жылғы Олимпиадада шаңғыдан Владимир Смирнов алтын медаль жеңіп алған еді.

Михаил Шайдоровтың жалғыз алтынының арқасында Қазақстан Олимпиада ойындарында 19-орынға табан тіреді

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 15:12