Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шай ішіп, әңгіме айттық”: Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласқанын мәлімдеді

Мөлдір Әуелбекова сахнада жүргеніне 15 жыл толуына орай алғашқы шығармашылық кешін бермек. Осы уақытқа дейін бұрынғы продюсерлері Баян және Бағым Мақсатқызымен араз болып келген әнші оларды концертіне шақырмақ. Әуелбекова Алагөзовамен татуласып үлгеріпті.

баян алагөзова - мөлдір әуелбекова

Фото: Instagram, коллаж Stan.kz

Бұл туралы Мөлдір Тимур Балымбетовтың “Шыны керек” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Міндетті түрде шақырамын. Өйткені 15 жылдың жартысы осы кісілердің мектебінде болды. Қазіргі таңдағы сахналық образ, менің даусым, басқасы болсын, ергетасын қалаған осы кісілер. Сол себепті ол кісілер менің концертіме келіп, қолдап, көрермен болса, менен бақытты шәкірт жоқ шығар деп ойлаймын”, – дейді әнші.
Мөлдір концертке шақыру билетін тапсыру үшін арнайы Баян ханыммен кездескенін мәлімдеді. Кездесудің жақсы өткенін де атап өтті.

“Бүгін Баян Мақсатқызымен кездестім. Шақыру билетін тапсырдым. Екеуміз әдемі әңгіме айтып, шай ішіп, күліп-ойнап отырдық.

Баян ханымның да басынан неше түрлі қиыншылықтар өтті. Тоғысатын жеріміз бәрібір бір сахна. Қалай шақырмайсың?

Кездесу жақсы өтті. Мен бақытты шәкіртпін. Қандай жағдай болмасын, арадағы іріткі болмасын, ол кісілер менің ұстаздарым. Менің жасым кіші. Менің ол кісілердің алдына баруым жаңалық емес”, – деп ағынан жарылды Әуелбекова.

Мөлдірдің айтуынша, ұзақ уақыт араз болған екі тараптың бұл бірінші кездесуі емес.

“Алдыңғы уақытта да кездескен болатынбыз”, – дейді Мөлдір.

Бір кездері Бағым Мұхитденова Мөлдірді көргісі келмейтінін, ол жүрген жерден ат тонын ала қашатынын айтқан болатын. Десе де, Әуелбекова өзінің даусын қойып берген Бағым ханымның да алдына бармақ ниетте.
“Екі жақтан да бастан көп нәрсе өтті. Өкпе-реніш деген уақытша дүние ғой. Өзім ол кісілердің алдына барып “кешіріңіз” деп айтудан, шақыру билетін тапсырсам, одан кішірейіп қалмаймын деп ойлаймын.

Баян ханыммен кездестім, Бағым ханымға да барамын. Өйткені менің даусымды қойған, ән әлеміндегі дәрежемді қойып берген – Бағым ханым. Сол себепті алдына барамын, шақыру билетін тапсырамын. Кешірім сұрау керек болса, сұраймын”, – деп мәлімдеді Мөлдір.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау