Шавкат Рахмоновтың ізбасары саналатын талантты спортшы Octagon 63 турнирінде өнер көрсетеді
Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 63 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: abay_zhalal Instagram парақшасынан алынды
Шавкат Рахмоновтың ізбасары саналатын талантты жас спортшы Абай Жалал Octagon 63, турнирінде өнер көрсетеі. 61 келіде сынға түсетін Абай 27 қыркүйек күні өтетін турнирде өзбекстандық Дилшод Кубайевқа (4-2) қарсы жұдырықтасады. “Профессор” лақап атымен танылған спортшының бұл кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегі болмақ. Ол осы уақытқа дейінгі жекпе-жектерінің барлығын уақытынан бұрын жеңген болатын.
Айта кетейік, Абай Жалал Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан сияқты UFC жауынгерлерін жаттықтыратын Дәнеш Дүнгенбаевтың қол астында дайындалады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

