Шавкат Рахмоновтың АҚШ-тағы дайындығына қанша қаржы кететіні белгілі болды
Жеңілістің ащы дәмін татпаған Шавкат Рахмоновтың АҚШ-та жекпе-жекке дайындық өткізу үшін қанша қаржы кететіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Naiza тұжырымының президенті Нұрбек Қарабала әлемнің ең үздік тұжырымында өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың АҚШ-тағы бір айлық оқу-жаттығу жиынына қанша қаржы кететінін айтты.
“Шавкаттың Америкадағы дайындығына қанша қаржы кетіп жатқанын ешкім көріп жатқан жоқ. Оның АҚШ-тағы 10 күндік дайындығы мен ішіп-жеміне 15 мың доллар көлемінде кетеді. Ал бір айға 35-40 мың доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Бұл жолының шығынын есептемегенде кететін сомма”, – деді Қарабала.
"Таяқ жеуге намыс жібермейді": Шавкат Рахмонов спорттан қашан кететіні туралы
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Америкадағы Kill Cliff залында, белгілі бапкер Генри Хуфттың қол астында жаттығады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

